Ұлттық киім күніне орай М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде тағылымдық іс-шара ұйымдастырылды. Оқу орнында ақ жаулықты әжелер қыздарға шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ақ жаулықты әжелер ерекше құрметтелетін бас киім — үкілі тақияны тігу тәсілдерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, үкінің мән-маңызын баяндады.
Кездесу тек қолөнермен шектелмеді. Үлкендер ұлттық киімдеріміз жайлы терең әңгімеледі. Әжелеріміз бөрік, тымақ, шапан, қамзол, бешпеттер халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы екенін тілге тиек етті.

«Жасөспірім қыздар 5-6 жасынан үкілі тақия киген, өскелең қыздар қамзол киген. Біздің ұлттық киімдегі басты құндылық — оюлар. Бұрын қыздар бұрымды болып, шолпы таққан. Ал қазір көбі мерекелерде ғана тағады», — деді М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейі «Әжелер» клубының мүшесі Ғалия Өмірбекова.
Тағы оқыңыз: Петропавлда өткен «IQanat» олимпиадасының екінші кезеңіне 300-ден астам ауыл баласы қатысты

