Петропавлда 8 жасар қызды зорлаған педофил жазадан құтылып кетті

Петропавлда 8 жасар қызды зорлаған педофил ақыл-есінің дұрыс еместігіне байланысты жазадан құтылып кетті. Сот үкімімен ол ұзақ мерзімге емделуге жіберіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға былтыр шілде айында қаладағы «Ойқала» ауданында орын алған болатын. Үйінің маңында ойнап жүрген 8 жасар қызды 27 жастағы азамат бұтаның арасына апарып, зорлап кеткен. Күдікті бірден анықталды. Ол осыған дейін де бірнеше рет істі болған және сол кезде Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген. Өтелмеген мерзімі бар, оның үстіне тағы бір ауыр қылмыс жасаған Алексей Мальченконы қатаң жазалауы тиіс еді. Алайда судья қылмыскерді ұзақ мерзімге емделуге жіберді.

«Сараптама нәтижелері бойынша қылмыс жасаған уақытта Алексей Мальченконың ақыл-есі дұрыс болмағандығы анықталды. Сондықтан сот қаулысы бойынша ол ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Мальченкоға мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шара қолданылсын», – деді СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршәріпов.

Алексей Мальченко барлық шығындардан да босатылып отыр. Істің анық-қанығын үкім шығарылғаннан кейін судья журналистерге түсіндірді.

«Егер Мальченко психикалық түрде дені сау адам болса, онда оның кінәсі толық дәлелденген болар еді. Бірақ бізде жан-жақты, стационарлық түрде жүргізілген медициналық сараптама бар. Ол ұзақ уақыт бақылауда болды. Біз оның қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған сәтте есі дұрыс емес екенін анықтадық. Сол себепті, ҚР ҚК Заңына сәйкес ол жауап бере алмайды. Мальченко толық емделгенге дейін  дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады.  Сотталушы барлық іс жүргізу шығындарынан босатылады. Біз азаматтық талапты қанағаттандырудан бас тартамыз, өйткені психикалық ауытқуы бар адам бізде сотталушы да, талапкер де бола алмайды», – деп түсіндірді судья.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның кейбір мектептерінде спорт зал мен асхана жоқ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x