Астаналық дәрігерлер өңірдің емдеу мекемелерін аралады

Астаналық дәрігерлер өңірдің емдеу мекемелерін аралап, тәжірбие алмасты. Ақхалаттылар облыстық онкологиялық диспансерге барып, консультация өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін СҚО-ға «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның Басқарма төрағасы Абай Байгенжин келді. Мейманмен бірге елордалық дәрігерлер облыстық онкологиялық диспансерді аралап, қондырғылардың жұмысымен танысты.

Бұрын мекеме тәулік бойы жұмыс істеп, ақхалаттылардың көмегіне жүгінушілердің қарасы қалың болған. Заманауи қондырғыларсыз медицина қызметкерлеріне дертті уақытылы анықтау қиынға соққан. Кейіннен, КТ, МРТ аппараттары алынып, мәселе шешімін тапқан.

«Онкологиялық диспансерде орнатылған  қондырғылардың сапасы көңілімізден шықты. Атап өтсек, маммограф, магнитті томограф аппараттары жақсы жұмыс істеп тұр», – деді «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның Басқарма төрағасы Абай Байгенжин.

Астанадан келген бір топ білікті мамандар жергілікті дәрігерлерге өз оқыған-білгендерін айтып тәжірибе алмасты.

Тағы  оқыңыз: Петропавлда 8 жасар қызды зорлаған педофил жазадан құтылып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x