[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||30px|||»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/761d066c-f8eb-45d7-89a6-47db6557c7d6-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Петропавлда бос орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы іс-шараға облыс орталығының 23 өндіріс ошағы қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі таңда «Жұмыспен қамту орталығында» Петропавлдың 1745 тұрғыны жұмыссыз деп тіркелген. Жерлестерімізді тұрақты еңбекпен қамту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып тұрады.

Жұмыс іздеп жүргендердің бірі Петропавл тұрғыны Азат Салықов. Ол өзіне лайықты орынды «ПетроМашЗавод» ЖШС-нен тапты. Кәсіпорынға дәнекерлеуші қажет екен. Бірақ Азат бұл мамандықтың қыр-сырын біле бермейді. Сондықтан ол «Жұмыспен қамту орталығы» ұйымдастыратын 3 айлық курстан өтіп, өндіріс ошағында еңбек етпек.

«Зауыт ұсынған еңбек шарты өзіме өте ыңғайлы. Жұмыс тәртібі де жақсы. Оның үстіне жұмысшыларды тасымалдайтын қызметтік көлік бар. Және де тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Орташа еңбек ақы 150 мың теңге. Дәл қазір мен арнайы курстан өтіп, кейін осы кәсіпорынға барамын деп шештім»,-дейді Азат Салықов.

Жалпы, «ПетроМашЗавод» ЖШС-не инженерлер мен дәнекерлеуші сынды 15-ке жуық маман қажет. Зауытта қызметкерлерге барлық жағдай жасалған.

«Зауытқа еңбек етуге студенттерді де шақырамыз. Машина құрастыру колледжімен тығыз қарым-қатынас орнатып үлгердік. Білім ордасының тәрбиеленушілері кәсіпорында іс-тәжірибеден өткеннен кейін, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі», – дейді «ПетроМашЗавод» ЖШС-нің кадр бойынша инспекторы Татьяна Тюрина.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне «Петропавл электротехнкиалық зауыты», «КАЗТЕХМАШ машинақұрыстыру зауыты» ЖШС-і, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ сынды 20 дан астам ірі өндіріс ошағы қатысты. Мәселен, «Прогресс» тігін фабрикасына кескіш, тігін жабдықтарының механигі, дайын өнімді ораушы, есепші мамандары қажет. Фабрикада тіпті жаңа кәсіпті меңгеруге жәрдемдесетін арнайы оқыту курсы да бар.

«Ең алдымен әрине бізге тігіншілер ауадай қажет. Мамандарымызға қойлатын басты талап-еңбекқорлық. Кәсіпорынға жаңадан келген қызметкерлерді оқытып, кәсіптің қыр-сырына үйретеміз. Орташа еңбекақы 150 мың теңге. Жәрмеңке басталғалы бері қызығушылық танықтан қызылжарлықтардың қарасы қалың болды. Әрқайсысы өзіне лайықты жұмыс табады деп үміттенеміз»,- дейді «Прогресс» тігін фабрикасы ЖШС-нің персонал бойынша менеджері

Жұмыс іздеп жүрген тұрғындар Петропавл қаласы халықты жұмыспен қамту орталығына барып бос орындар тізімімен таныса алады. Келесі мұндай жәрмеңке сәуір айында ұйымдастырылмақ. Оған қызмет көрсету саласының өкілдері қатысатын болады.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/cce64bd6-89d5-4910-92ae-ca3898ea79e5.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x