Петропавлда қоқыс полигонында тәжікстандық азаматтар заңсыз жұмыс істеген

Петропавлдағы қоқыс полигонында жеті мигрант заңсыз жұмыс істеген. Олар рұқсат құжаттарын кейін рәсімдемек болған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Көші-қон қызметінің мамандарынан бөлек, аталмыш іс-шараға учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, жедел уәкілдер жұмылдырылған. Олар сауда орындары, құрылыс алаңдары, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шетелдіктердің заңсыз еңбек күші пайдаланылатын басқа да орындаржы тексеріп жатыр. Петропавл маңындағы полигонда заңсыз жұмыс істеп жүрген жеті тәжікстандық мигрант анақыталды. Мигранттарға қатысты материалдар әкімшілік сотқа жіберілді. Заң бұзушылар айыппұл төлеуі мүмкін.

«Заңды түрде жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органның еңбекпен айналысуға рұқсат беретін құжаттарын уақытылы ресімдеу қажет. Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек күшін заңсыз пайдалануға жол берген жұмыс берушіге қатысты әкімшілік материал жиналуда», – дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінде көші-қон заңнамасын шетелдіктер тарапынан бұзудың 23 дерегі тіркелді.

Тағы оқыңыз: СҚО шаруалары дизель отынын 250 теңгеден сатып алуда

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x