Петропавлда  қалалық әкімдік мамандарымен пәтерлерді заңсыз ұсыну фактілері анықталды

Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары облыс орталығының тұрғынына  85 млн теңгенің 5 пәтерін заңсыз берген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Олар бұл баспаналарды тұрғынның жалпы құны 39 млн. теңгені құрайтын құрылыстарымен бірге жер учаскелерінің орнына ұсынған. Кейін жоғарыда аталған пәтерлер үшінші тұлғаларға сатылған. Бұл заңсыз әрекеттерді прокурорлар анықтады. Прокурорлар сотқа пәтерлерді сату-сатып алу мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді. Соттың шешімімен прокурордың талабы қанағаттандырылды. Бүгінгі күні сот актісі заңды күшіне енді, заңсыз алынған пәтерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

Тағы бір қала тұрғыны Заңның 109-бабының талаптарын бұза отыра құны 20,3 млн. теңгенің жайлы пәтерін жекешелендіріп алған. Алайда өзі сол пәтерде тұрмаған. Аталған факті бойынша бүгінгі күні Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Арнайы прокурорлармен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сонымен бірге қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандарымен рет-ретімен пәтерлерді ұсынғанда және тұрғын үй алуға кезекті түгендегенде жүйелі бұзушылықтарға жол берілген. Кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Тағы оқыңыз: Облыста ауыл шаруашылығының көрсеткіші төмендеді

 

 

 

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x