Облыста 600-ге жуық интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

Жыл басынан облыста 600-ге жуық интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Дегенмен ,бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10,6 процентке төмендепті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мамандардың сөзінше, интернет алаяқтарға өңірдің 40-60 жас аралығындағы адамдары алданып қалады екен. Биыл дәл осы өңір тұрғындарын алдағаны үшін 36 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Облыс орталығында интернет-алаяқтықтың барлық фактілерін тергеумен және ашумен Петропавл қаласының полиция басқармасында орналасқан «CyberPol» тобының қызметкерлері айналысады.Олардың сөзінше, адамдар түрлі әлеуметтік желілердегі жарнамаларға және жалған банк қызметкерлеріне  сеніп алаяқтардың құрығына түседі.

 «Алаяқтар адамдары алдауда түрлі айла қолданады. Соның бірі, өздерін полиция қызметкерлері етіп таныстырып, банк қызметкерлерімен бірлескен жұмыс жасалып жатқанын айтады. Немесе, банк қызметкері  ретінде  хабарласып жәбірленушіге  Рудеск, Хоптудеск, Анидекс, Таймфьюер, т. б. Сынды бағдарламаларды ұялы телефонына жүктеуге көндіреді. Ал бұл бағдарламалар жәбірленушінің мобильді құрылғысына қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік береді. Және өңір тұрғындарына қанша айтсақта, OLH, Колеса, Instagram әлеуметтік желілеріндегі жарнамаларға қызығып, құрыққа түседі. Барлық тұрғындарға сақ болыңыздар, алаяқтарға алданып қалмаңыздар деп айтқымыз келеді.»,-дейді  СҚО ПД киберқылмысқа қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі Виталий Почернин

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x