Петропавлда 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Макиенконы жас қыз саябақта иығымен қағып кеткен. Салдарынан ардагер құлап, ауруханаға жеткізілді, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавлдағы қалалық көпбейінді ауруханаға Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Мативенко жедел жәрдеммен жеткізілді.  Ғ. Мүсірепов  ескерткішінің маңында құлап жатқан ардагерді көшеде өткен жүргізушілер көрген. Көмекті де солар шақырыпты. Алайда, қарияның қанша уақыт жатқанын нақты айту қиын.

«Василий Макиенко жарақаттану бөліміне жатқызылды. Толық медициналық тексерістен кейін оған жамбас сүйегінің сынуы деген диагноз қойылды. Хирургиялық көмек қажет емес. Дәрігерлердің бақылауында»,-деп хабарлады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Василий Васильевич Макиенко облыста көзі тірі қалған үш ардагердің бірі. Қаңтар айында 99 жасқа толды. Немересі Олеся Цольдың айтуынша, оқыс оқиға болатын күні қарт Ғ.Мүсірепов ескерткіші маңына кептерлерді тамақтандыру үшін шыққан.

«Тоғыз-он жас шамасындағы қыз қарсы жүгіріп шыққан. Оны бейнекамера арқылы көрдік. Ол атамызды иығымен соғып өткен. Кейін артына бұрылып қарамастан , әрі қарай кетіп қалды. Ал атамыз құлап,  орнынан тұра алмайған»,-дейді ардагердің немересі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда саясаткер әйелдер бас қосты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *