Облыста су тасқыны басталғалы 2500-ге жуық үй су астында қалды. 10 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Петропавлда қазір 12 эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр. Қажет болған жағдайда тағы да 7 пункт ашу жоспарланған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы № 4 орта мектепте 51 адамға шақталған эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Ол жерді қазір 47 адам паналап отыр. Солардың бірі «Хромзавод» ықшам ауданының тұрғыны – Наталья Чорба. Оның үйі толығымен су астында қалған. Қазір ол эвакуациялық пункте 5 жасар қызы  екеуі тұрып жатыр. 2017 жылы да Натальяның үйін су басқан. Биыл жағдай қайталанып отыр.

Петропавлдағы эвакуациялық пунктерде 109 бос орын бар

«Біздің көшемізді, үйімізді толығымен су басып кетті. Алдағы бір-екі күнде Петропавлда су тасқыны шарықтау шегіне жетеді деп жатыр. Біздің үйлерге не болатынын да елестете алмаймын. Менің үйім атамнан қалған еді. Ол өз қолымен салып, бақшасын да өзі күтіп-баптаған. Сол себепті өте ауыр. Эвакуациялық пункттерде барлық жағдай жасалған. Дегенмен, өз үйіміздей болмайды. Әрине, уайымдаймыз», – дейді қала тұрғыны Наталья Чорба.

 Қазір эвакуациялық пункттерде 109 бос орын бар. Егер тағы да төсек-орын керек болған жағдайда пункттердің санын 19-ға дейін жеткізу жоспарланған.

  «Петропавлда 4 ықшам аудан су астында қалды. Тасқын суға байланысты адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Мәселен, Заречный кентінен 913 адам, Былғары зауыты ауданынан 1340 тұрғын, Лесхоз ауданынан 450, ал Ойқала ықшам ауданынан 2350 адам эвакуацияланды. Пунктерде барлық жағдай жасалған. Медицина қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте тұр», – деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Түренова.  

Тағы оқыңыз: СҚО-ға екі ұшақпен гуманитарлық көмек жеткізілді

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x