8 желтоқсанда Петропавлда № 5 бір мандатты сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына сайлау өтеді. Бұл учаскеге 19 және 20 шағын аудандар кіреді. Мен үміткер ретінде қаланың осы шалғай аудандарын дамытуға ниеттімін. 

Мен 29 жастамын. Мағжан Жұмабаев ауданы Надежка ауылында,көп балалы отбасыда дүниеге келдім.   Мамандығым бойынша технолог-менеджермін. Аспазшы –конитер болып жұмыс істедім.  Мемлекеттік қызметті  Петропавл қалалық әкімдігі  аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, бақылау және ақпарат инспекторы қызметінен бастадым. Соңғы екі жыл шамасында  қалалық жастар ресурстық орталығына ауыстым.  

Қала жұртшылығы мені жақсы таниды. Петропавл жастар ресурстық орталығын басқарамын. Еріктілер жұмысының арқасында танымал болдым. Сондықтан қала тұрғындарында кездесетін мәселелермен жақсы таныспын. Мен «Көмек қасыңызда» еріктілер қозғалысын құрдым және басқарамын. Оған жүзден астам еріктілер кіреді.

Қала тұрғындарының проблемалары бірдей. Барлығы жолдардың сапасына, ойын алаңдарының жай-күйіне, қоғамдық көліктердің жұмысына қызығушылық танытады.

Мен сондай-ақ халықты бірге  шешім қабылдауға тартамын. Әр ауданда беделді тұрғындардан кеңес құратын боламын. Біз олармен проблемалық мәселелерді талқылаймыз. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында ПИК, ЖМИБ қызметін қайта форматтаймыз. Өз қаласының патриоты ретінде біздің әкімшілік-аумақтық округті абаттандыруға ерекше назар аударатын боламын.

Мен қала бюджетінің бөлінуін мұқият қадағалап, «жолдарды жөндеуге» деген секілді жалпы тұжырымдамаларға жол бермеймін, азаматтардың сұранысына қарай барлық шығындарды нақтылаймын. 

Сондықтан, мені депутат етіп сайлаған жағдайда, мен өз күш-жігерімді мыналарға бағыттаймын:

  • ардагерлердің, мүгедектердің проблемалары, оларды материалдық қолдау, кедергісіз ортаны кеңейтуге жәрдемдесу;
  • көпбалалы отбасылардың қауіпсіздігін арттыру;
  •  мүдделі қызметтермен бірлесіп халықты азаматтық-патриоттық тәрбиелеу;
  • салауатты өмір салтын насихаттау және спортпен шұғылдану;

Сайлау округімдегі азаматтардың әрбір өтінішін мұқият және объективті қарау және сайлаушыларға халықтың тыныс-тіршілігі мәселелерін шешуде көмек көрсету.

Егер мен сайлансам, дәл осы мәселелерді шешуді жоспарлап отырмын. Сондықтан сіздің дауысыңыз бен қолдауыңыз маған маңызды.

Дайындалған: «QazaqstanMedia» ЖШС, баспа орны: Петропавл қ., Брусиловский к-сі 63/13. Тапсырыс беруші: депутаттыққа кандидат Д.Б. Абдин. Республикалық бюджет қаражатынан төленді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда мас жасөспірімдер жұрттың мазасын алды  

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *