Қазіргі таңда Жетісу қаласында Социалистік Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир өтуде. Жарыстың алғашқы күнінде теріскейлік палуан екі алтын еншіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Турнирге республиканың әр облысы мен екі қаладан 300-ге жуық палуан қатысуда. Сайыс жеңімпаздарына «Спорт шебері» атағы беріледі. Жарыстың алғашқы күнінде теріскейліктер атой салып екі алтын жүлде еншіледі.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған Сәкен Құдайқұл жеңіс жолында төрт кездесу өткізді. Әр қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Финалда Жетісу облысының палуанынан басым түсті.

Ал Арсен Қабден жеңіс жолында бес палуаннан басым түсті. Қарсыластарының барлығын қоғадай жапырды. Жартылай финал мен ақтық сында Алматы қаласының өкілдерін жеңді. Осы жетістіктерінің арқасында қос палуарымыз «Спорт шебері» атағына ие болды.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/halyqaralyq-institwttar-qazaqstan-ekonomikasynyng-turaqty-oesimin-bolzhap-otyr-world-financial-review/

Поделиться:

Shares