Петропавл жастары республикалық «Таза Қазақстан» экоакциясын қолдайды

Петропавлдық жастар республикалық сенбілікке белсенді қатысуда. Олар «Жастармен бірге!» және «Таза Қазақстан» экоакциялары аясында облыс орталығының көшелерін қоқыстан тазартты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы түрлі жастар ұйымдарының мүшелері бүгін бір жерде бас қосты. Олар Я. Гашек көшесі мен Крепостная көшелерінің арасын қоқыстан тазартты. Экоакцияны қолдағандардың арасында «Жасыл ел» жасағаның мүшелері де бар.

«Бүгінгі «Таза Қазақстан» сенбілігіне біз бір адамдай қатысып отырмыз. Себебі, жастар қаламыздың көрікті болғанын қалайды. Мысалы, «Жасыл ел» жасағы мүшелерінің жұмыс күні дүйсенбі мен жұма аралығында болса да, бүгін сенбі болғанына қарамастан олар экоакцияға қатысып жатыр. Біз облыс орталығындағы саябақтарды, көшелерді, демалыс орындарын қоқыстан тазартып жатырмыз»,- деді «Болашақ» корпортивтік қорының СҚО бойынша директорының орынбасары Жанат Кәкімов.

Петропавлдық қыз-жігіттер әр сенбі сайын ұйымдастырылатын сенбіліктерге бір адамдай ат салысып келеді. Тіпті, жастар ресурстық орталығының өкілдері жұмыс аптасының ортасында да тазалық күндерін ұйымдастырады. Олар басқа азаматтарды да экоакцияға қатысуға шақырады.

«Біз Петропавл жастары «Таза Қазақстан» экоакциясын қолдаймыз және қала тұрғындарын қатарымызға қосылуға шақырамыз. Біз өзіміз тұратын елді мекеннің таза әрі көрікті болғанын қалаймыз. Сондықтан тазалықты сақтап, абаттандыру жұмыстарына ат салысса екен дейміз»-дейді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.

Сенбіліктер басталғаннан бері облыс орталығынан 340 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылыпты. Ал, бүгінгі экоакцияға бірнеше мың адам қатысты.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тым ұзаққа созылған кәріз коллекторын жөндеу жұмыстары жақын күндері аяқталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x