Петропавл көшелерінің бірінен әйелдің денесі табылды

Петропавл көшелерінің бірінен 72 жастағы әйелдің денесі табылды. Әзірге, зейнеткердің неден қайтыс болғаны белгісіз, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жаяу жүргіншілер жолында жатқан әйел адамды көруге болады. Маңында тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем мамандары жүр. Кейін әйелдің 72 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны екені анықталды.

«1 желтоқсан күні  сағат 12:50-де «102» жедел арнасына тротуарда әйелдің жансыз денесі жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға болған жерге бірден Петропавл қалалық ПБ екінші бөлімінің мамандары мен жедел жәрдем қызметкерлері жіберілді. Мәйітте күш көрсету, зорлық іздері байқалмайды», – деп хабарлады қалалық полиция басқармасындағылар.

Әзірге, зейнеткердің неден қайтыс болғаны белгісіз.  Өлімнің себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тағайындалғанына 5 ай ғана болған аудан әкімі жұмыстан кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x