Новоишим ауылында вагондарды жөндейтін депо салынып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов  ауданының  Новоишим ауылында вагондарды жөндейтін депоның құрылысы жүріп жатыр. Жобаны іске асыру барысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты, деп жазады Qazaqstan Media.

Құрылысты «Астана-Логистик KZ» ЖШС жүргізуде.  Жаңа кәсіпорында технологиялық жабдық орнатылатыны атап өтілді. Оның көмегімен мамандар вагондар мен жылжымалы құрамдардың бөлшектерін жөндей алады. Жоба толығымен аяқталып, іске қосылғанда 150 адамға жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі  «Kazmeal» зауыты мен аудандық ауруханаға да ат басын бұрды.  Ал жергілікті аграршылармен Ғауез Нұрмұхамбетов «Возвышенка СК» ЖШС алқабында кездесіп, орақ науқанының барысын пысықтады.

Айта кетейік, «Возвышенка СК» ЖШС аттас ауылда негізігі шаруашылықтардың бірі.  23 жыл бұрын құрылған шаруашылық дәнді және майлы дақылдарды егумен айналысады.  Сонымен қатар, олар сүт те өндіреді. Серіктестік директоры Әбдірахым Нұқаев, әлеуметтік жауапты бизнестің өкілі.  Ол ауылда өз жұмысшыларына деп жаңа баспана тұрғызып жатыр.

Сонымен қатар, мұнда ауылішілік жолдар жөнделуде.

Жалпы, аудандағы тоғыз ауылдың жолдары жөнделіп жатыр.  Березовка және Бірлік ауылдарына кірме жолдар салынуда.  Шұқыркөл-Андреевка-Раисовка, Тахтаброд-Сокологоровка-Қырымбет және Рузаевка-Чернозубовка ауылдарында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Сондай-ақ, Рузаевкаға сапар барысында облыс әкімі аудан тұрғындарымен кездесіп, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін талқыланды. Айта кетейік, ауданда бұл мәселені шешу үшін қосымша қаражат бөлінген.  Атап айтқанда, Новоселовка және Тахтаброд ауылдарында жергілікті  су желісінің құрылысы жүргізілуде.  Тарату желілері Старобелке ауылында да жүзеге асырылады. Ал сегіз ауылда суды тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылады.

Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – жылыту маусымына дайындық.  Аудан орталығы-Новоишимское ауылында жаңа қазандық салынған.  Қазір магистральдық жылу желілері салынуда.

Тағы оқыңыз: Ғ. Мүсірепов ауданында республикалық және ауылішілік жолдар жөнделіп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x