Президент сапары

Облыс диқандары көктемгі егіс жұмыстарын аяқтауға жақын. Биыл 4,5 миллион гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. 3 млн га астам аумаққа 200 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілмек. Тұқыммен толық қамтамасыз етілген, заманауи техника алынуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекет басшысы көктемгі егіс науқанымен танысу үшін «Дайындық Агро» ЖШС-ға қарасты егістік алқабын аралап көрді.

Аталған шаруашылық дәнді, майлы дақылдар өсірумен және мал шаруашылығымен айналысады. Иелігінде 15,8 мың гектар егістік алқабы, 4,2 мың гектар жайылымдық жері бар. «Дайындық Агро» директоры Біржан Шәймерденов биыл бидайдың аустриялық «Тризо» сортын егіп, гектарынан 25 центнер өнім алуды жоспарлап отырғанын айтты.

Президент сапары

Президентке көктемгі егіс науқанының барысы жөнінде мәлімет берілді. Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың айтуынша, егістік алқаптарын минералды тыңайтқыш жеткізу, көктемгі егіс жұмыстарына техника сайлау, диқандарды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету ісі жоспарға сай орындалып жатыр.

Мемлекет басшысы еңбек өнімділігін арттырып, ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар мен өндіріс тәсілдерін енгізу маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ Президент облыс басшылығына осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыруды және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісін дамытуды тапсырды.

Президент сапары

Президент диқандардың экспорттық сұранысы жоғары дақылдарды өсіруге бейімделгенін атап өтіп, шаруалардың еңбегіне оң баға берді.

Мемлекет басшысы диқандардың көктемгі егіс науқанын сәтті атқаруына тілектестік білдірді.

Тағы оқыңыз: Биыл СҚО-да 64 жол-көлік апаты тіркелді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x