Қазақстан мектептерінде тағы жаңа үш пән пайда енгізіледі. Бұл туралы Білім министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлердің біріне барған сапарында айтты. Министр мектеп бағдарламасын жаңарту және жаңа оқу пәндерін енгізу жоспарлары туралы мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Министр Жұлдыз Сүлейменова құқықтық бағыттағы пәндерді енгізу бастамаларын таныстырды.

5–7 сыныптарда – «Конституция негіздері» пәні;
8–9 сыныптарда – «Заң және тәртіп» курсы;
10–11 сыныптарда – «Құқық негіздері» пәні енгізіледі.

Сонымен қатар, оқушылардың бұрынғыдай шығарма мен диктант жазулары әбден мүмкні. Бұл дәстүрлі бағалау жүйесін қайта енгізу мәселесі қарастырылуда. Министрліктің пікірінше, бұл оқушылардың сауаттылық деңгейін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

Жұлдыз Сүлейменова мектеп үш негізгі қағидатқа – тазалық, тәртіп және оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу негізінде дамуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, білім беру ұйымдары тек білім беретін орын ғана емес, сонымен қатар білімді әрі отансүйгіш ұрпақты қалыптастыратын ортаға айналуы қажет.

Тағы оқыңыз: Еңбек еленген күн! СҚО-да бірқатар азамат мемлекеттік наградаға ие болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *