М.Қозыбаев университеті ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды танудың нейрондық моделін әзірлейді

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары Ғылым және жоғары білім министрлігінің грантына ие болды. Енді жергілікті жоғары оқу орны ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды танудың нейрондық желілік моделін әзірлейтін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл жобаға министрлік 100 млн теңгеге жуық қаржы бөлген. Команданың құрамында техника ғылымдарының кандитаты Ильдар Құрмашев, қазақстандық және италиялық ғалымдар бар. Ұшқышсыз ұшу аппаратын тану үшін нейрондық желіге қолданыстағы ұшу аппараттары және әртүрлі құстардың сипаттамалары енгізіледі. Соның арқасында бағдарлама аспандағы қауіп-қатерлерді ажырата алады және әуе қорғанысы жүйесімен көрінбейтін кішкентай коптерлерді анықтамақ.

М.Қозыбаев университеті ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды танудың нейрондық моделін әзірлейді

«Қазіргі уақытта ғалымдар ұшқышы жоқ ұшақтардың көптеген жаңа түрлерін шығарып жатыр. Дрондарды байқап қалмас үшін оларды жануарларға немесе құстарға жасырады. Біздің мақсатымыз – алысқа ұшатын дронды танитын жүйені жасау. Тану радиусын 2 км-ге дейін «Антидрон» радиолокациялық жүйесін пайдаланатын боламыз. Және радар қондырғысын жақсартуды жоспарлап отырмыз», – деді М.Қозыбаев атындағы СҚУ «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Ильдар Құрмашев.

Тағы оқыңыз:Қазақстанда педофилдерді өмір бойына соттауы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x