Кішкенекөлде отбасылық дәмхана ашылды

Қаңтардың 13-і күні Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылында «Шаңырақ» отбасылық дәмханасы ашылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Дәмхананы жеке кәсіпкер Зәуреш Сәниева ашқан. Оған 23 млн теңге қаржы жұмсалды. Оның 15 млн-ы өз қаражаты болса, қалған 8 млн 625 мың теңгені бизнесмен «Ауыл аманаты» жобасына аясында несиеге алған.

«2023 жылы бұрынғы дүкеннің ескі ғимаратын сатып алдым. Онда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Ғимараттың біл бөлігіне арнайы жиһаздар алынып, онда балалардың ойын алаңы орнатылды. Бұл ата-аналардың ыңғайлылығы үшін жасалған. Енді олар емін-еркін дәмханада отыра алады. Ал ол уақытта балалар ойнап, көңіл көтереді», – деді «Тасболат» ЖК басшысы Зәуреш Сәниева.

Нысанның ашылу салтанатына Уәлиханов ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дархан Бейсембин де дәмхананың  қатысты. Ол дәмхана аудан тұрғындарының ғана емес, қонақтарының да сүйікті демалыс орнына айналатындығына сенімді.

«Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын бекітіп, табысын арттыруды қажет ететін қазақстандықтардың негізгі бөлігі ауылды жерлерде тұратындығын атап өткен болатын. Осы тапсырманы жүзеге асыру үшін елімізде «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Ол шынымен де, елді мекен тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, табысын арттыруға бағытталған. Міне, осы бағдарламаға қатысқан Зәуреш Тасболатқызы өз ісін сәтті жүзеге асырып отыр. Дәмхана үлкен сұранысқа ие болатындығына сенімдімін. Бұл нысан барлық уәлихандықтар мен аудан қонақтарының сүйікті орны болады деп ойлаймын», – деді құттықтау сөзінде Дархан Бейсембин.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x