[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-15-at-16.50.19-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||0px|||»]

Бүгін Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл. Айтулы датаға орай петропавлдықтар интернационалдық борышын өтеген батырларды еске алып, Ауған соғысы жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауған соғысына Қазақстаннан 27 000 адам қатысса, оның 1500 – і солтүстікқазақстандықтар. Интернационалдық борышын өтеуге аттанған 46 жерлесіміз шет жерде жүріп опат болды. Ескерткіш маңына жиылған қалың жұртшылық батырлардың рухына тағзым етіп, ескеркішке гүл шоқтарын қойды.

«Бұл шара жыл сайын өткізіледі. Біздің қалада 630  ауған соғысының ардагері есепте тұр. Олармен үнемі қарым-қатынастамыз. Түрлі әскери шараларға шақырып, қаланың белсенді өміріне ат салысады. Мен өзім де Кабул деген қалада болдым. Сол жақта халыққа көмек көрсетіп, өз борышымды өтедім», — дейді «Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлерінің одағы» ҚБ төрағасы Эрик Таттыбаев.

Ауған жерінде екі жыл интернационалдық борышын өтеген Асхат Қоспанов та бүгін қаза болған қарулас жолдастарын еске алуға келіпті. 18 жасында әскер қатарына шақыртылған ол 3 ай бойы Өскемен қаласында оқу-жаттығудан өтіп, Ауғанстанның Шиндад шаһарына жіберіледі. Ол жақта жүргізуші болып жұмыс істеп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарың құрылысына қатысады. Ал 1984-ші жылы елге оралған.

«Ол жерге барғанда бізге халықтың тыныштығы, елдің бірлігі керек болды. Кеңес әскерлері ол жерде мектеп те, аурухана да салды. Мәдени шаралар өткізіп, сол жақтың азаматтарына өз-өзіне келуі үшін қолайлы жағдай жасауға тырысты», — дейді Ауған соғысының ардагері Асхат Қоспанов.

 10 жылға созылған қырғи қабақ соғысқа қатысқан жерлестеріміздің кейбірі елге мырыш табытқа салынып, ұшақпен жеткізілсе, енді біреулері үйлеріне мүгедек болып оралды. Бүгінгі таңда қазақ елінде 10000-ға жуық ауған соғысының ардагері бар. Олардың 3000 мыңға жуығы мүгедектер қатарында.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-15-at-16.50.19-1-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *