[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-15-at-17.41.26-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||0px|||»]

Биыл қажетті өнім сатып алу үшін тұрақтандыру қорына қазынадан 3,6 млрд теңге қаржы бөлінген. Алайда сөредегі бірнеше тауар түрі негізсіз қымбаттап кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қалыптасқан дәстүрге сай, өңірімізде жыл сайын көкөніс күзгі жиын-терімнен соң арзан бағамен сатып алынып, қоймаларға жеткізіледі. Сақтаудағы өнім қыс пен көктемде саудаға шығарылады. Бағасы нарықтағыдан төмен болады. Осы ретте облыстық әкімдікте өткен жиын барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жайы қаралды.

«Ұн тартумен айналысатын жергілікті «DEZ» серіктестігіне астық сатып алу үшін 2019 жылдан бастап жеңілдетілген несие беріледі. Нәтижесінде компанияның 2 келілік өнімі 253 теңге тұрады. Мұндай ұн әлеуметтік нан пісіру үшін қаламыздағы 6 наубайханаға да жеткізіледі. Бұл наубайханаларда 1 бөлкенің құны орта есеппен 100 теңгені құрайды»,-деді СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Әмрин.

Жарма, күнбағыс майы, қант және жұмыртқа. Тұрақтандыру қорындағы өнімдердің бағасы шынымен де төмен. Бірақ, олардың бәрі бірдей сөрелерден табыла бермейді. Халық аз уақыттың ішінде сатып алады.

«Жұмыс жүріп жатыр. Бірақ, мұнымен тоқтамау қажет. Осы орайда салыстырар болсақ, 2019 жылы өнім сатып алуға 300 млн жұмсалса, қазір көрсеткіш 3,6 млрд теңгеге жеткен. Алайда, нәтиже жоқ. Қала бойынша небәрі 23 нүкте қамтылған. Аудандардың біріде тізімге енбеген. Тауар жеткілікті дейсіздер. Онда біз аптасына неліктен 3 рет қана сауда орындарына өнім жеткіземіз және апарғанымыз неге 2 сағаттан кейін бітіп қалады?»,-деді отырыс барысында облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Кейбір бағаның көтерілуінің ешбір себебі жоқ. Мысалы, бидай мен ұн төмендегенімен, макарон өнімдері керісінше 30 теңгеге қымбаттаған. Облыс әкімі мәселемен айналысуды тапсырды. Негізсіз өсім қарақұмықта да байқалады. Оны жергілікті зауыт өндіргенімен, дүкендерде әр келісі 450-470 теңгеден сатылады. Жалпы, өлкемізде 9 мың гектарға қарақұмық дәні себіледі.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x