Көп қан жоғалтқан: Петропавлда дәрігерлер пышақ жарақатын алған келіншектің өмірін аман алып қалды

Петропавлдағы көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлері пышақ жарақатын алған келіншектің өмірін сақтап қалды. Ол екі литр қан жоғалтқан, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

44 жастағы келіншек пышақ жарақатын абайсызда алған. Салдарынан бауырына зақым келген. Ауруханаға ауыр халде жеткізілген пациентке бірден ота жасалды. Дәрігерлер науқастың өмірі үшін екі жарым сағат бойы күресті.

«Науқастың бауырына ота жасалды. Жағдайды пациенттің екі литр қан жоғалтуы қиындатты. Аурухана қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында операция сәтті өтті. Қазір науқастың жағдайы орташа», — деп хабарлады  қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда бетперде кию талаптары қайта оралады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x