Ішімдік пен азық-түлік ұрлаған: Петропавлда супермаркетті тонаған екі азамат ұсталды

Петропавлдық полицейлер қаладағы супермаркеттердің бірін тонап кеткен екі адамды ұстады. Осы әрекеті үшін олар жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға кеше, яғни 29 сәуір күні қаладағы супермаркеттердің бірінде болған. Екі петропавлдық дүкенге келіп, күзетшіні қорқытып, спирттік ішімдіктер мен азық-түлікті ұрлап кеткен.

«Күдіктілерді криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ізін суытпай ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектелуі мүмкін немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – делінген облыстық ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы бірқатар аудандар инвестиция тарту жұмыстары дұрыс жүргізілмейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x