Енді Қазақстанда интернетте жалған ақпарат таратқандар әкімшілік жазаға тартылатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылы 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сенат бұл заңды 2023 жылдың 21 маусымда талқылап, қол қою үшін Президентке жолдаған болатын.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру, әкімшілік жауапкершілікті енгізумен қатар байланыс және интернет қызметі саласында тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қалыптастыру мақсатында әзірленді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте, егер қоғамдық тәртіпті, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін бұзу үшін жағдай туғызушы онлайн-платформалардың пайдаланушылары мен ықпал етушілері/инфлюенсері жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік алады деген бап пайда болды.

Тағы оқыңыз: Смирново ауылының тұрғындары тағы да сусыз отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x