Есіл ауданының диқандары химиялық өңдеу шараларын қарқынды жүргізіп жатыр

Егіс науқанын аяқтаған диқандар енді химиялық өңдеу жұмыстарына кіріскен. Арамшөп, түрлі аурулар және зиянкестермен күрес жүргізіп жатқан шаруашылықтардың бірі – Есіл ауданындағы «Агрофирма Есильская» ЖШС. Мол өнім алуды көздеген серіктестіктің жұмысымен Qazaqstan Media тілшісі танысып, алқаптарда атқарылған шаруаны көріп қайтты.  

«Агрофирма Есильская» ЖШС шамамен 11,5 мың гектар жерге егін еккен. Шаруашылық директорының айтуынша, жыл сайын гектарынан 20-25 центнер өнім алады. Бұл – тынымсыз еңбектің нәтижесі.

«Биыл егін егуді 15-ші мамыр күні бастап, шаруаны 1-ші маусымда аяқтадық. Қазір алқаптарды химиямен өңдеп жатырмыз. Биыл да гектарынан кемінде 20 центнерден өнім алуды жоспарлап отырмыз. «Жаздың бір күні – қысқа азық» демекші, осындай шуақты күндерді пайдаланып, қажетті жұмысты тындырып алу маңызды. Сонда ғана ала жазда атқарған шаруа зая кетпей, күзде мол астық алуға болады», – дейді «Агрофирма Есильская» ЖШС директоры Серік Женапинов.

«Агрофирма Есильская» ЖШС-де 70-ке жуық адам еңбек етеді. Шаруашылық жұмысшыларының жағдайын жасап, баспана алуға да көмектеседі. Жақында қоныс тойын тойлағандардың бірі – Сергей Копченко. Механизатор серіктестікте 10 жылдан бері еңбек етіп келеді.

«Техникамыз жаңа, ыңғайлы. «John Deere» тракторымен жұмыс істейміз. Басшылық та жақсы, әрдайым қолдап отырады. Жақында басшылық маған жаңа үй сатып алуға көмектесті», – дейді «Агрофирма Есильская» ЖШС механизаторы Сергей Копченко.

Жалпы, өңір бойынша бүгінде 1 млн гектар егістік алқабында химиялық өңдеу жүргізілді. Сондай-ақ, 1 млн 725 мың га аумаққа 128 429 тонна минералды тыңайтқыш енгізілген.

Тағы оқыңыз: Биылдыққа орын алған жол апаттарынан 10 адам қаза тапты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x