Қазақстанның бірнеше аймағында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу жиындары басталды. СҚО-ның да бірнеше ауданында 15-17 мамыр аралығында осындай дайындық өткізілетін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Терроризмге қарсы оқу-жаттығулар еліміздің Қарағанды, СҚО мен Қостанай облыстарында ұйымдастырылған. Сол себепті де, барлық жағдайда мамандар азаматтарды сабырға шақырып, оқу-жаттығуға қатысқан тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындауға шақырады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тимирязев ауданы Тимирязево ауылында 15 мамыр күні, 16 мамыр Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылында және Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында, 17 мамыр лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді деп жоспарланған.

«Терроризмге қарсы оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісінің жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту. Оқу-жаттығуда түрлі күрделілік элементтері қолданылатын болады», — деді терроризмге қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық жедел штабы.

Тағы оқыңыз:Қызылжар ауданындағы үйлерді бағалау жұмыстарына астаналық мамандар жұмылдырылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x