Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-лардың жүйесінде уақытша кідірістер орын алды. Бұл туралы орталық мамандары айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жүйедегі ақауға байланысты уақытша көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін алу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді. Жауапты мамандар жүйені қалыпқа келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.
«Тұрғындар көлік кұралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру бойынша қызметтерді онлайн режимінде eGov.kz порталынан және екінші деңгейлі банктердің қосымшаларынан ала-алады», — делінген облыстық ХҚКО таратқан хабарламада.
Тағы оқыңыз:Қазақстанда ескірген банкноттар тізімі жасалды