Дипломдар QR-код арқылы беріле бастады

Қазақстандағы колледж түлектеріне дипломдар QR-код арқылы беріле бастады. Жаңа форматтағы құжатты 140 мыңнан астам студент алмақ. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, деректерді автоматты сәйкестендіру мен верификациялау немесе QR-код технологиясын қолдану жалған диплом жасаудан қорғауға және жұмыс берушілердің диплом түпнұсқалығын бірден тексеріп алуына мүмкіндік беретін жаңашылдық болып табылады. 

«QR-код дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Ол құжаттың иесі жайлы деректер, оқу орны туралы ақпарат пен Ұлттық білім беру деректер қорынан алынған құжат деректемелері көрсетілетін мемлекеттік интернет-ресурсқа сілтеме береді. QR-кодта түлекті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер: түлектің аты-жөні, ұйымның атауы, түскен/бітірген жылы, мамандығы мен біліктілігінің атауы, оқыту нысаны, дипломның сериясы мен нөмірі беріледі», – деді оқу-ағарту вице-министрі  Айбат Ілиясов.

Биыл 140 мыңнан астам колледж түлектері QR-коды бар дипломдар алады.

Тағы оқыңыз: Жол ережесін бұзғандар интеллектуалды бейнежүйе арқылы анықталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x