Алдағы күндері мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысы тоқтатылады

7, 8 шілде күндері еліміздегі мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жұмыстың тоқтатылуына ҚР ІІМ ӘПК ақпараттық жүйелерінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру қызметтері бойынша жүргізілетін техникалық жұмыстар себеп. Алайда, бұл күндері кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғындарды қабылдай бермек. Тек, мамандандырылған орталықтар жабық болады. Еске сала кетейік, 6 және 9 шілде күндері еліміздің ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары үшін демалыс күндері болып есептеледі. Ал дүйсенбі, 10 шілде күні мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары штаттық режимде жұмыс істейді. Орталық мамандары тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Тағы оқыңыз: Дипломдар QR-код арқылы беріле бастады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x