Солтүстік Қазақстанда 10 күннің ішінде төрт  бірдей дала өрті тіркелген. Салдарынан 35 гектар аумақ өртеніп кетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО-ның өрт маусымына дайындығы жайлы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин айтып берді. Оның хабарлауынша, 7 сәуірден бастап өңірде төрт дала өрті тіркеліп, 35 гектар аумақ отқа оранған. Ал былтыр осы кезеңде мүлдем өрт оқиғалары тіркелмеген.

«Бұдан бөлек, 200 гектар аумақта құрғақ шөп тұтанған. Мұндай 76 жағдай тіркелді. Тайынша ауданында осындай 33, Петропавлда – 10, Ақжар ауданында – 6, Айыртау, М. Жұмабаев, Қызылжар аудандарында – 5, Ғ. Мүсірепов ауданында – 4, Жамбыл, Есіл, Мамлют аудандарында – 2, ал Ақайың, Тимирязев және Шал ақын аудандарында бір жағдайдан тіркелген», — деді Дмитрий Растихин.

Дала өрті: СҚО-да 35 гектар жер өртенді

Еске салсақ, бірер күн бұрын Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында премьер-министр Солтүстік Қазақстан облысының өрт маусымына дайын емес екендігін айтқан болатын.  Мұны ведомство өкілдері де мойындап отыр. Дмитрий Растихиннің айтуынша, дала өрті бола қалған жағдайда елді мекендерге қауіп төнбес үшін 1588,3 км  жерге минералды жолақтар жасалуы тиіс еді. Алайда бұл жұмыстар кей аудандарда әлі күнге дейін басталмаған.

«Бүгіндері тек 59 шақырым жерге минералды жолақтар жасалған. Айтап айтсақ, Есіл ауданында 42, Уәлиханов ауданында 11 шақырым жерге жасалды. 542 елді мекендердің аумағын құрғақ шөп пен қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуі тиіс еді. Алайда шаруа тек 48 ауылда тындырылған. Есіл ауданында – 19, Айыртауда – 16, Аққайыңда – 9, Ақжар мен Шал ақын аудандарының 2 елді мекендерінде бұл жұмыстар жасалған. Бүгіндері өңірде өрт маусымына дайындық шаралары аясында 55 арнайы топ құрылды. Оның құрамында 356 адам бар. 62 рейд жүргізіліп, ереже бұзған 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қар жауып, 3 градусқа дейін аяз болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *