Ботаникалық баққа орманда табылған еліктің 2 лағы әкелінді

Ботаникалық бақ еліктің 2 лағымен толықты. Оларды мұнда өңір тұрғындары әкелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мамандардың айтуынша, жабайы аңдардың  табиғи дамуына араласудың қажеті жоқ. Тіпті далада табылған кішкентай елікке бір рет қол тигізу – анасының одан бас тартуына себеп болуы мүмкін. Ал, дала жануары үйде немесе хайуанаттар бағында өсірілетін болса, өзінің  табиғи ортасына қайта орала алмайды.

«Кез келген жануар өзінің табиғи ортасында өмір сүруі керек. Оларды өзіңізбен бірге алып кету арқылы сіз  қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзасыз. Жабайы жануарларды заңсыз алып кетуге және оларды  үйде ұстауға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», – дейді СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспалов.

Соңғы бір апта ішінде ботаникалық баққа солтүстікқазақстандықтар 2 еліктің лағын әкелді. Тасымалдау кезінде олардың біреуі жарақат алған.

«Бірінші болып бізге «Бэмби» атты кішкентай елік әкелінді. Оның аяғы жараланған. Қазір емдеп жатырмыз. Ол 3-4 апта ішінде жазылады. Ал, «Малыш» есімді елікті тұрғындар бізге кеше табыстады. Оны орманға барған ерлі-зайыптылар тауып алған»,-дейді ботаникалық бақтың директоры Артур Рязапов.

Жалпы, еліктер ботаникалық баққа түрлі себептермен түсіп жатады. Біреуінің енесін көлік қақса, енді бірі үйірден ажырап қалған. Орталықта оларға қажетті күтім көрсетіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: 4 бірдей баласына алимент төлемей жүрген келіншек анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x