Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінгенін айтты. Ол аталған жобаның өтеу мерзімі қысқарғанынан да хабардар етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осыған дейін «Серпін» бағдарламасының өтеу мерзімі 3 жыл болатын. Қазір ол 2 жылды құрайды. Сонымен қатар, енді оқып бітірген өңірде ғана емес, бағдарламаға қатысатын басқа облыстарда қызмет етуге болады.

«2023 жылы өңiрлік ЖОО-ға бөлінeтiн педагoгикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінді. Ал «Серпін» бағдарламасы бoйынша 3653 грант бөлінді. 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттapды қабылдауды, ал грант иeгерлерінің тізiмін 10 тамызға дейін ұсынуды жоспарлап отырмыз. ЖОО-ға қабылдау 25 тaмызға дейін жүзeге aсырылады», – деді Қуаныш Ерғалиев.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар көлік ақауларын онлайн тексере алады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x