минералды тыңайтқыш

Сапалы әрі мол өнім алу үшін минералды тыңайтқыштарды қолданудың маңызы қандай екені айтпаса да түсінікті. Биыл облыстағы егістік алқаптарына 200 мың тонна тыңайтқыш енгізіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осы уақытқа дейін минералды тыңайтқыштың 181 мыңы дайыналды. Бұл пайызбен есептегенде 91%-ды құрайды. Айта кетсек, биылғы көктемгі егіс науқанына 13 мыңнан астам трактор, 14 мыңға жуық дақыл сепкіш пен 1,5 мың бірлік тегеурінді, өнімділігі жоғары заманауи егіс кешендері қажет. Жалпы, теріскейлік диқандардың техникасы 90 пайызға дайын.

 

«Соңғы жылдары өңірдің машина-трактор паркін жаңарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қазір диқандардың басым көпшілігі жергілікті жерде жиналатын CLAAS компаниясының техникасын таңдап жатыр. Өткен жылы 80 млрд теңгеге екі мыңнан астам техника сатып алынды. Ал биыл агроқұрылымдардың алдын ала болжамы бойынша 2450 бірлік техника сатып алу жоспарланған. Бұған 91 млрд теңгеге жуық қаражат керек», – деді СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Жыл басынан бері 10 млрд теңгеге 528 бірлік техника сатып алынды. Марат Тасмағанбетовтың айтуынша, теріскейлік диқандар тұқыммен толық көлемде қамтамасыз етілді. Биылға 488 тонна тұқым қажет екен.

«Үстіміздегі жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен тиісті мөлшерде дизель отыны бөлінді. Өңірге 73 тонна дизель қажет. Оның 50%-ы осында. Биыл бұл шаруа жылдағыдан 1 айға ертерек қолға алынды. Дизель отынын тарату ақпан айынан бері жүргізіліп келеді», – деді өңір жетекшісінің бірінші орынбасары.

Тағы оқыңыз: Петропавлда аттракциондар қауіпсіздігі тексерілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x