аттракционы

Петропавлдағы орталық саябақта аттракциондар жыл сайын арнайы сынақтан өткізіледі.«Аттракциондар әлемі» ЖШС жұмысшылары балалардың орнына құм салынған қапшықтарды қойып, әткеншектердің қауіпсіздігін тексереді. Сондай-ақ, серіктестік аумақты абаттандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Орталық қалалық саябақ пен Жеңіс саябағындағы аттракциондар балалар мен ересектердің сүйікті демалыс орнына айналған. Қазіргі таңда мұнда абаттандыру жұмыстары қызған. Биыл саябақ аумағында 600 мың гүл көшеті егілмек.

«Бүгіндері демалушылар үшін 4 жаңа аттракцион орнатып жатырмыз. Олардың 3-Уі орталық саябақта болса, 1-еуі «Жеңіс» саябағында. Сонымен қатар 2 жаңа батут қойылады. Сондай-ақ, «Орбита» аттракционын да жаңартып жатырмыз», – дейді «Мир аттракционов» ЖШС директоры Александр Козлов.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 25 адам коронавирус жұқтырған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x