зейнетақы мөлшері

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша елімізде зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңгені құрады. Оның 82 мыңнан астамы – ынтымақты, қалғаны базалық түріне жатады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде Қазақстандағы зейнеткерлердің саны 2 млн 297 мың адамды құрайды. Жыл басынан бері оларға 824,3 млрд теңгеге зейнетақы төленді. Соның ішінде базалық зейнетақы – 253 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 млрд теңге.

«2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге болды. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз», – деп жариялады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100% белгіленеді.

«Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады. Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады», – деп жариялады баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Биыл СҚО алқаптарына 200 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x