[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/c2ca8873-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Ұрлық, бұзақылық. Петропавлдағы көңіл көтеру орындарында негізінен осындай қылмыстар орын алады екен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жыл басталғалы Петропавлдағы ойын-сауық орындарында 6 қылмыс тіркелген. Оның 4-уі ұрлық, 1-і бұзақылық, ал соңғысы жеке күзет қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі. Ал Тайынша ауданында жергілікті тұрғын ауылдық кафеде қасқырдың тұлыбын ұрлап әкеткен. Өзінің бұл әрекетін ол балаларға тұлыпты көрсеткім келді деп түсіндірген. Мүлік иесіне қайтарылып, ол өз кезегінде татуласуға келісім білдірді. 

«Қаңтар айында түнгі дәмханалардың бірінің иесі жасөспірімнің болуына рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық мекемелеріндегі және олардың айналасында заңбұзушылықтардың тіркелуіне бейнебақылау мен мамандандырылған күзеттің болмауы әсер етеді. Ал кейде көңіл көтеру орындарындағы күзет туындаған қақтығыстарды тоқтата алмайды, олар тек шу шығаратын қонақтарды көшеге шығарумен шектеледі. Бұл мәселелер СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның соңғы отырысында талқыланды. Нәтижесінде ойын-сауық мекемелерінің иелерімен өзара жұмысты күшейту жоспарда бар», – деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x