Биыл өңірде 25 көппәтерлі тұрғын үй қолданысқа беріледі

Облыста 49 көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Оның 25-і биыл қолданысқа берілмек.Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен аппарат жиынында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Өңірде салынып жатқан тұрғын үйлердің 44-і Петропавл қаласында болса, қалған 5-еуі облыс аудандарында салынып жатыр. Құрылыс басқармасының мәліметінше, басты назар Петропавл қаласында екен. Биыл облыс орталығында 1649 пәтерлі 23 тұрғын үй қоланысқа беріледі. Оның 6-ауы бюджеттік үй болса, 17-сі коммерциялық тұрғын үйлер.

«Петропавл қаласындағы бірнеше шағын аудандарды дамытуға көңіл бөлінуде. Мәселен, «Жас өркен» ықшам ауданында 4 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Оның 3-еуі биыл қолданысқа беріледі.Және «Береке», «Орталық», «Қапай» және 19-шы ықшам ауданында да тұрғын үй құрылысы қызу жүріп жатыр.»,- деді СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайролла Ғалеев.

Өңірде коммерциялық тұрғын үй құрылысы басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта 1924 пәтерге арналған 29 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан бері 504 пәтерлі 10 үй пайдалануға берілді және жыл соңына дейін 461 пәтерге тағы 7 үй тапсырылмақ. Келер 2024 жылы 927 пәтерлі 12 үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Тағы оқыңыз:Жамбыл ауданында зейнеткерден 16 патрон табылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x