Биыл Қазақстандағы колледждер 130 мыңнан астам түлекті қабылдамақшы

Колледждерге құжат қабылдау науқаны 20 тамызға дейін жалғасады. Биыл елдегі білім беру нысандарына 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазір елімізде жоғары оқу орындары мен колледждерге түлектерді қабылдау жүзеге асырылуда. Кейінгі аталғанында студент атану үшін 20 тамызға дейін уақыт бар. Айта кетсек, биыл колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарлануда.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға бағытталып, геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық және т. б. бағыттар бойынша ұлғайтылды. Сондай-ақ өткен жылдан бастап кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Бұл ретте жұмыс беруші практиканы ұйымдастыру және колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру міндеттемесін өзіне алады», – делінген министрліктің хабарламасында.

Биыл кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қосымша 10 мың студент қабылдау жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сотталушыға телефон табыстаған адвокат лицензиясынан айырылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x