Мәжілісте Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков білім беру саласындағы шығындарды облыстық бюджеттен аудандық деңгейге қайтару мәселесі қаралып жатқанын айтты. Оның сөзінше, депутаттар ұсынған бұл түзетуді Үкімет толық зерделеп, қолдау білдірген, деп жазады Qazaqstan Media.
Алдағы уақытта білім саласына бөлінетін қаржы қайтадан аудандық бюджет арқылы қаржыландырылуы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір шығындар бұрынғыдай облыстық деңгейде қала береді. Атап айтқанда, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға және ыстық тамақпен қамтамасыз етуге арналған қаражат облыс құзырында сақталады.
Вице-министрдің айтуынша, аталған түзетулер заң жобасына екінші оқылымға дейін енгізілуі мүмкін. Сондай-ақ жаңа оқу жылы басталғанға дейін бұл өзгерісті күшіне енгізуге де мүмкіндік бар. Ол үшін бюджет заңнамасында қарастырылған тетіктер пайдаланылмақ. Атап айтқанда, өтемақы немесе өзге де механизмдер арқылы шығындарды облыстық деңгейден аудандық деңгейге бағыттауға болады.
Тағы оқыңыз: Елімізде су есептегіш жаңа құралдардары орнатылады

