«Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде машиналар электрондық кезекпен өтеді

Қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесін қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Әсия Елеукина айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«CarGoRuqsat» тасымалдаушыларға Ресей Федерациясымен шекарадан өту үшін кезекті алдын ала брондау мүмкіндігін береді. Пилоттық жоба шеңберінде электрондық кезекті брондау тегін негізбе жүзеге асырылады. Оны қолдану шекарадан өтудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жүк автокөліктерінің жиналуына жол бермейді.
Сонымен қатар, «CarGoRuqsat» мемлекеттік органдардың 13 ақпараттық жүйесімен біріктірілген, бұл бақылау функцияларының бір бөлігін автоматтандыруға және адами факторды алып тастауға мүмкіндік берді.

«Тасымалдаушылар алдын ала ақпараттандырылды (интернет-ресурстарда, пресс-релиздерде, АӨП ақпаратында), АӨП қызметкерлерін оқыту жүргізілді, сондай-ақ ҚР ҰҚК СҚО бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен Ақпараттық есепке алу орталығының қызметкерлері іссапарға жіберілді. Жеңіл автокөліктер мен автобустар бойынша ЭКЖ-да кезекті брондау талап етілмейді. Қазақстаннан шыққан кезде адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізу пунктінің аумағына кіру тәртібін бақылауды Мемлекеттік кірістер органдары әкімші кабинеті арқылы жүзеге асырады», – деді спикер.

Пилоттық жобаның басынан 10 күн өткенінен «CarGoRuqsat»-та 123 жүк автокөлігі электронды кезекке брондалды, оның ішінде 79 автокөлік Ресей Федерациясына өтті, 44 автокөлік кезекке сәйкес өткізу пунктіне келеді. Жалпы, «Бидайық» өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істейді, жүк автокөліктерінің жиналуы байқалмайды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тұңғыш рет бастауыш сынып мұғалімдерінің форумы өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x