[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/pM2AGPbrJteO8L4XtFeI-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Қаңтардың 14-і күні Беларусь Республикасының азаматы «Жаңа жол» өткізу пункті арқылы 98 млн теңгенің тауарын заңсыз өткізбек болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Беларусь Республикасы азаматының тиісті құжаттары болмаған. Сондықтан салмағы 15 тонна болатын автобөлшектер кері қайтарылды. Бұл жыл басталғалы өңір аумағында орын алған алғашқы факт. Ал жалпы ел бойынша осындай 143 оқиға тіркелген.

«Жыл басталғалы Қазақстан шекарасы арқылы жалпы құны 1 миллиард 390 миллион теңгеден астам соманың тауарын заңсыз тасымалдау фактісінің жолы кесілді. 1019 құқық бұзушы ұсталды. Тараз қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды деген күдікпен шетел азаматы анықталса, Талдықорған қаласында полицейлермен бірге екі қазақстандық ұсталып, олардан 222 ақбөкен мүйізі тәркіленді. Ал Жамбыл облысының Меркі ауылында Қазақстан азаматынан 8 келі «гашиш» есірткі заты табылды. Сондай-ақ, «Қордай» өткізу бекетінде электронды темекілерді заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді», – деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді уәкілетті органдар жүргізеді.

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x