4 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, қар, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Синоптиктердің болжауынша, республиканың басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ, бұрқасын болады.
Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тұман түсіп, жел күшейеді.
Тағы оқыңыз:Петропавлда 600 отбасы баспаналы болды