[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/78678345354354-1-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекет пен АӨК арасындағы өзара іс-қимыл оң жолға қойылған. Сәтті іске асқан жобалар 2022 жылғы 12 қаңтарда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің еліміздің ең ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, салалық қауымдастықтарының өкілдерімен өткізген кезекті іскерлік таңғы асында таныстырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі DKNews.kz сайтына сілтеме жасап.

2021-2022 жылдар аралығында «Солтүстік» ӘКК арқылы пилоттық жоба шеңберінде өңірде 35 жоба жүзеге асырылды. Сөйтіп,  21 сүт фермасы, 4 қой фермасы, 3 құс фабрикасы, 1 шошқа кешені, 2 жылыжай және 3 жерді суару, 1 майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорынына жеңілдетілген несие беріліп, олар іске қосылды. Кәсіпкерлерге кезең-кезеңімен жылдық сыйақы мөлшерлемесі 4% құрайтын 8 жылға дейінгі мерзімге 35 млрд теңге бөлінді. Осыған дейінгі кезеңді алып қарайтын болсақ, 2020 жылға дейін бүкіл республика бойынша жыл сайын орта есеппен 2-3 сүт-тауарлы ферма салынған. Ал бүгінде олардың саны біршама өсті. Осының арқасында СҚО-да шамамен 584 мың тонна, ал ел бойынша барлық сүттің 10,5%-ы өндіріледі.  Бұл ретте 584 мың тонна сүттің 208 мың тоннасын өңірдің ұйымдасқан шаруашылықтары өндіреді. Бұл республиканың жалпы көлемінің 15%-ға жуығы, ел бойынша 1-орын.

СҚО пилоттық жобасының оң тәжірибесін назарға ала отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі бүкіл ел бойынша тәжірибені қолдануды ұсынды. Өйткені бүгінгі таңда мемлекеттің негізгі міндеті, импортты алмастыруды қамтамасыз ету және құс еті, сүт, көкөністерге деген ел қажеттілігін сапалы өнімдердің ішкі өндірісімен жабу болып табылады. Бұдан басқа, ауылда инвестициялық жобаларды көптеп іске асырып, жаңа жұмыс орындарын құру.

«СҚО-да жоба келесідей іске асырылды: әкімдік ӘКК арқылы құрал-жабдық пен мал сатып алу үшін жеңілдікпен қаржыландыру ұсынды. Ал құрылыс-монтаж жұмыстары кәсіпкерлердің қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Нәтижесінде бүгінде өңірде 35 табысты жоба бар. Біз жобаны одан әрі дамытуды ұсынамыз, қаржыландыру жылдық үстемеақысы 2,5%-бен 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл ретте бизнестің өз қатысуы шамамен 15-20% құрайды», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.

Бүгінде өңірлердің әкімдіктері әлеуетті инвесторларды іріктеуде. Кейіннен мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП және бизнес өкілдерінен жұмыс топтары құрылатын болады, олар инвестициялық жобаларды таңдап, олардың іске асырылуын қадағалайды. Талаптар өте жоғары: меншікті өндірістік және азық-түлік базасының болуы, қаржылық тұрақтылық, дамыған өндіріс және басқалар. Өз тарапынан жеңілдікті несиелеу бағдарламасына қатысушылар өндірілетін өнімді өткізу бағасы бойынша міндеттемелерді өзіне алады.

«Осы бағдарламадан біз 100% қайтарымды күтеміз. Барлық жобалар табысты іске асады деген сенімдеміз. Қатысу үшін ірі бизнесті тартамыз, жобалар 1-2 жыл ішінде нәтиже беруі тиіс. Мемлекет өз тарапынан қаржы алудың қарапайым және күрделі емес әдісін, қайтару мерзімін ұзартуды және төмен пайыздық мөлшерлемені ұсынады. Сонымен бірге, өзара міндеттемелер бойынша біз көтерме және бөлшек сауда деңгейінде өнімдердің тұрақты бағасын күтеміз», — деді Серік Жұманғарин.

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x