Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті, доктор Суреш Гаримелламен кездесті. Олар Қозыбаев атындағы СҚУ  жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалардың келешегін талқылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгінде Қозыбаев университеті мен Аризона университеті арасындағы стратегиялық әріптестік аясында 1,2 мыңнан астам студент білім алуда. Биыл қос диплом бағдарламасы бойынша алғашқы түлектер оқуын аяқтайды.

Кездесу барысында Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла Қозыбаев университетімен қолға алынған пилоттық жобаның нәтижелі болғанын атап өтті. Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстанда енгізілген бұл ынтымақтастық моделі өзінің тиімділігін дәлелдеді. Енді Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарына да үлгі бола алады.

«Біз білім берудегі ынтымақтастық моделін Қозыбаев университетінде қолдандық. Бұл тәжірибе студенттердің көп санын қамтып, Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарына енгізуге болатынын көрсетті. Біздің басты басымдықтарымыз – студенттердің жетістігі, ғылыми зерттеулер және қоғамға қызмет ету. Осы бағыттардың барлығы Қозыбаев университетінде табысты жүзеге асырылып жатыр», – деді Суреш Гаримелла.

Қазіргі таңда екі жоғары оқу орны су ресурстарын тиімді басқару, агрогеномика, биоинформатика, күкіртті қайта өңдеу, жасанды интеллект, цифрлық денсаулық сақтау және инклюзивті білім беру бағыттарында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстарын мониторингтеу, тазарту және тиімді пайдалану жобасы.

Кездесу қорытындысында тараптар халықаралық серіктестікті одан әрі нығайтып, өңірде ғылымды дамыту мен жоғары білікті мамандар даярлау ісін жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар бүгінгі өміріне риза, болашағына сеніммен қарайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *