Ертең білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Биыл гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға, 20 пайызы педагогикалық бағыттарға, ал қалған 20 пайызы өзге білім беру бағдарламаларына бөлінген. Конкурсқа қатысу үшін 127 мыңға жуық өтініш қабылданыпты. Мемлекеттік гранттар Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері, талапкерлердің мамандық таңдауы және заңнамада көзделген квоталар негізінде тағайындалды.

Биыл талапкерлер арасында «Аударма ісі», «Халықаралық қатынастар», «Құқық», «Психология», «Қаржы» мамандықтары мен педагогикалық бағыттар ерекше сұранысқа ие болды. Айта кету керек, биыл ел бойынша 90 мыңға жуық грант бөлінді.

«Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары жетінші тамыз күні жарияланады. Нәтижені ресми ақпарат көздерінен көре аласыздар», — деді министр.

Тағы оқыңыз: «Әр дауыстың маңызы бар»: Елена Кузнецова жерлестерін Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *