32 солтүстікқазақстандық мас күйде көлік басқарған

Өткен аптада 32 солтүстікқазақстандық жүргізуші алкогольдік ішімдік ішіп алып, көлік тізгіндеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көлікті мас күйде басқару жүргізушінің өзі мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін аса қауіпті екенін барлығы жақсы біледі. Алайда, тиісті  талапты сақтамайтындар қаншама. Мәселен, 6 күн ішінде облыс жолдарында 32 мас жүргізуші ұсталды. Олар 15-20 мамыр аралығында СҚО полицейлері ұйымдастырған «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталған.

«Облыс жолдарында барлығы 2367 құқық бұзушылық анықталды. Жылдамдықты асырудың 156 фактісі, маневр жасау ережелерін бұзудың 88 фактісі тіркелді. Қозғалыстың барлық қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және апат қаупін туғызбауды сұраймыз», – деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да түнгі уақытта көше кезген 22 жасөспірім анықталды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x