30 жастағы солтүстікқазақстандық суға батып кете жаздады

30 жастағы солтүстікқазақстандық ыстық күнде суға шомыламын деп, батып кете жаздады. Оқыс жағдай Есіл ауданындағы Үлкен Тораңғұл көлінде орын алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Явленка ауылының тұрғыны 2 шілде күні жолдастарымен «Сосновый бор» демалыс аймағына барған. Сол жерде ол аптап ыстықтан сақтанбақ болып суға түскен. Алайда, алысқа кетіп, көзден ғайып болған. Мұны дер кезінде байқаған достары 30 жастағы Санатты іздеуге кіріскен. Біраздан кейін азаматтың жансыз денесін тауып, сыртқа шығарған. Осы уақытта құтқарушы оқиға орнына келіп, жігіттің өмірін ажалдан арашалап қалған.

«Тұрғынды ет бетімен жатқызып, жасанды тыныс алу жасадым. Бар ойым – жүрегін қайтадан соққызуға көмектесу еді. Бір кезде ақырын дем барғанын сездім. Одан кейін дәрігерлер де келіп жетті», – дейді Вячеслав Яковлев.

Азаматтың өміріне айтарлықтай қауіп төнбегендіктен, ауруханаға апармаған. Вячеслав Яковлев оны қалың киіммен орап, ыстық шай берген, одан соң достарына табыстады. Сол себепті, жергілікті құтқарушылар демалыс аймағында қауіпсіздік ережелерін барынша ұстанып, абай болуға шақырады. Рұқсат етілмеген шомылу аймақтарына түсуге болмайды, түнгі уақытта суға түсу өмірге қауіпті екенін ұмытпаған абзал. Сонымен қатар, кішкентай балаларды көзден таса қалдыруға болмайды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Астана күні мен қала күні қалай тойланбақ?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x