[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/073UA9CK.MXF_snapshot_00.00.804-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Елімізде наурыздың бірінен бастап азаматтарды көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл Солтүстік Қазақстан облысынан 550-ден астам адам Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ. Бүгін солардың алғашқы легі Алматы облысының Қонаев қаласына жол тартты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сап түзеген 25 солтүстікқазақстандық үшін бүгін маңызды күн. Бірер сағаттан соң олар Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Сондықтан салтанатты шараға жиналғандар оларға ақ жол тілеп, батасын беріп жатыр.

«Бұл сарбаздар Қонаев қаласына барады. Олар десантты шабуылдау жасағында міндеттерін атқармақ. Сол жерде жігіттерге барлық әскери жаттығуларды 1 жыл бойы үйретеміз. Сарбаздар ҚР президентінің ұйғарымымен ЖОО-на түсуге мүмкіндік алып отыр. Егер ынталары болса, әскерден келген соң, оқуға түсе алады»,-дейді СҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлім командирінің орынбасары Қазыбек Сейдахмет.

Әр азамат үшін әскерге бару үлкен өмірлік сабақ. Бұл пікірмен біздің жас сарбаздар да келіседі.

«Жасым 20-да. Қонаев қаласындағы әскери бригадаға өз еркіммен әскерге бара жатырмын. Отан алдындағы борышын өтемеген жандарға айтарым: әскери істің ең басты міндеті – Отанды қорғау. Сол себепті менің ойымша, әр азамат өз елін қорғай алуы керек», – дейді Болат Алпысбай.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны маусым айына дейін жалғасады. Біздің облыстан Қарулы күштер қатарына 550-ден астам адам қосылмақ.

Тағы оқыңыз:Өткен жылы СҚО-да кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты 67 құқық бұзушылық тіркелді

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/046QM1VB.MXF_snapshot_00.00.424.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x