2024 жылы Қазақстан халқы 249 күн жұмыс істесе, 117 күн демалады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы демалыс күндері туралы түсініктеме берді. Әсіресе көптеген мереке күндері жұма күніне түсетіндіктен, қатарынан үш күн демалу мүмкіндігі көп, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалады. 2024 жылы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жұма күніне келеді. Осылайша, 5 күндік жұмыс аптасындағы қазақстандықтар 8,9,10 наурыз күндері  демалады. Алты күндік жұмыстағылар 8 наурыз демалып, сенбі – 9 наурызда жұмысқа шығады. Наурыз мерекесі 21-23 наурыз – бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне түседі. Сенбі күнгі демалыс дүйсенбі – 25 наурызға ауыстырылады. Яғни, аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 21, 22, 23, 24, 25 наурыз күндері бес күн демалады. Ал 6 күн жұмыс істейтіндер 21, 22, 23, 24 наурызда төрт күн демалып, дүйсенбі 25 наурызда жұмысқа шығады.

«ҚР мерекелері туралы» заңның 3-бабына сәйкес, мамыр айында қазақстандықтар үш мерекені тойлайды: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; 7 мамыр – Отан қорғаушы күні; 9 мамыр – Жеңіс күні. Барлық мереке күндері аптаның ортасына түседі (1 мамыр – сәрсенбі, 7 мамыр – сейсенбі, 9 мамыр – бейсенбі). Әзірге министрлік мереке күндерін ауыстыру туралы еш шешім қабылдаған жоқ.

Дәлірек айтқанда, 5 күн жұмыс істейтіндер 1 мамырда демалып, 2-3 мамырда жұмыс істейді, 4-5 мамырда (сенбі-жексенбі) демалады. Дүйсенбі 6 мамырда жұмыс істеп, 7 мамырда демалады. 8-і күні тағы жұмыс істеп, 9 мамырда демалады. 10 мамыр жұма күні жұмысқа шығып, 11-12 мамырда демалады. Алты күндік жұмыс аптасында 1 мамыр – демалыс, 2,3, 4 мамыр – жұмыс, 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс. 7-ші мамыр – демалыс, 8-і – жұмыс, 9-ы – демалыс, 10,11 мамыр – жұмыс, 12 мамыр – жексенбілік демалыс.

Ал, биыл Құрбан айт мерекесі шамамен 16 маусымға сәйкес келеді. Бұл күнді Еңбек министрлігі діни басқармамен бірлесіп белгілейді. Бұл күн жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. 6 шілде – Астана күні мемлекеттік мереке болып саналады. Бұл күн сенбіге түседі, сондықтан 5 күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні дүйсенбі 8 шілдеге ауыстырылады. Ал 6 күн жұмыс істейтіндер 8 шілдеде жұмысқа шығады. 30 тамыз – Конституция күні де мемлекеттік мереке. 2024 жылы бұл күн жұмаға түседі, бес күн жұмыс істейтіндер 30,31 тамыз және 1 қыркүйек күндері тағы да үш күн демала алады. Алты күндік жұмыста 30 тамыз – демалыс, 31 тамыз – жұмыс, 1 қыркүйек – жексенбілік демалыс.

Өткен жылы 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесі қайта оралған еді. Бұл күн де 2024 жылы жұмаға сәйкес келеді және үш күн демалу мүмкіндігі болады. Алты күн жұмыс істейтіндерге 25 қазан – демалыс, 26 қазан – жұмыс, 27 қазан – жексенбілік демалыс. Жылдың соңғы мерекесі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Келер жылы Тәуелсіздік күні дүйсенбіге түседі. Демек, 5 күндік жұмыстағыларға 14, 15, 16 желтоқсан – демалыс. Ал 6 күндік жұмыстағылар – 14 желтоқсан жұмыс істеп, 15, 16 желтоқсанда демалады.

Тағы оқыңыз: Ауа райынан зардап шеккен фермерлерге қарыздарын қайтару мерзімін ұзартты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x