[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-21-at-18.50.28-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Наурыздың 19-ы елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өткізіледі. Бүгінгі күні кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде ел бойынша 14 207 үміткер тіркелсе, соның 621-і СҚО-да, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұған дейін Мәжіліске 107 депутат сайланса осы жылдан бастап Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі 9 мандат болмайды. Осылайша, Парламенттің төмеңгі палатасына 98 депутат сайланады. Жалпы, былтыр өткен референдумнан кейін мәжіліс сайлауын өткізу тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұрындары саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана сайлауға түсуге рұқсат етілсе, енді азаматтар депутаттыққа өзін-өзі ұсына алады. Үміткерлер мен партиялар тізімін тіркеу ақпанның 18-і аяқталды. Нәтижесінде СҚО бойынша 621 кандидат тіркелді.

«Солтүстік Қазақстан облысынан Парламент мәжілісіне 13 кандидат тіркелді. Облыстық мәслихатқа 53 және Петропавл қалалық мәслихатына 53 кандидат тіркелді. Бұдан бөлек облыстық мәслихатқа 6 саяси ұйым өзінің партиялық тізімін ұсынды. Онда 65 кандидат енгізілген. Бұдан басқа, аудандық мәслихаттардың 145 округі бойынша 450 кандидат тіркелді»,-дейді СҚО сайлау комиссиясының мүшесі Сағындық Мауғазин.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауында биыл бірқатар жаңашылдық бар. Мәселен, 2004 жылдан кейін алғаш рет мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады. Басқа да өзгерістер туралы облыстық сайлау комиссия мүшелеріне өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтып берді.

«Партиялардың парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді. Сонымен қатар, алғаш рет бюллетеньге «Бәріне қарсымын» деген графа қосылды. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары қаңтар айынан бастап кәсіби түрде жұмыс істеуге кірісті. Бұл да сайлаудың бір жаңашылдығы. Сонымен қатар, сайлаушылар 5 бюллетень бойынша дауыс береді. Республикалық маңызы бар қалаларда бюллетень саны 4-еу», – дейді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Қазіргі таңда кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Ол наурыздың 17-не дейін жалғаспақ. Ал, 18-ші наурыз «тыныштық күні» деп жарияланды.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-21-at-19.09.59.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″ align=»center»][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x