2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

13 шілде мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғарғы білім министрлігі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекеттік грантқа құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады. Ал Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады. Өтінішті жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

«ҰБТ-дан кейін грант конкурсына қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:
— жеке куәлік;
— ҰБТ сертификаты;
— 3х4 көлеміндегі фото;
— орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом);
— жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
— B167 Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану БББТ үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек» — деп көрсетілген министрліктің хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы №3 қалалық емханада науқастарды медбикелер қабылдай алады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *